HP Officejet Pro 8100 - Ағымдағы желі қауіпсіздігінің кодтары қолжетімді емес

background image

Ағымдағы желі қауіпсіздігінің кодтары қолжетімді емес

Егер WLAN желісіне қосылған кезде қауіпсіздік коды немесе атау (SSID) сұралса, желі
қауіпсіздік жүйесімен қорғалған. Қауіпсіз желіге қосылу үшін, ағымдағы кодтарды білуіңіз қажет.
SSID жəне желілік код дегеніміз компьютерді желіде анықтау үшін компьютерге енгізілетін əріп
жəне нөмірлерден тұратын кодтар болып табылады.

Жеке сымсыз жол жоспарлағышқа қосылған желі үшін жол жоспарлағыш нұсқаулығындағы
жол жоспарлағыш жəне WLAN құрылғысы екеуінде де бірдей кодтарды орнату
нұсқауларын қайтадан қарап шығыңыз.

Кеңседегі немесе қоғамдық Интернет арқылы əңгімелесу бөлмесіндегі желі сияқты жеке
желі үшін, кодтарды алу мақсатында желі əкімшісімен байланысып, енгізу сұралғанда
кодтарды енгізіңіз.

Кейбір желілер қауіпсіздікті арттыру үшін жол жоспарлағыштарында немесе кіру
нүктелерінде пайдаланылатын SSID жəне желілік кілттерді жүйелі түрде өзгертіп тұрады.
Соған сəйкес компьютердегі сəйкес кодты да өзгерту қажет.

Егер сізге жаңа сымсыз желілік кілттер жəне желі үшін SSID берілген болса жəне бұрын осы
желіге қосылған болсаңыз, желіге қосылу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1.

Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне
Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желі жəне ортақ
пайдалануды басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз.

2.

Сол жақ тақтада Управление беспроводными сетями (Сымсыз желілерді басқару)
түймешігін басыңыз.

Қол жетімді WLAN желілерін көрсететін тізім беріледі. Егер бірнеше WLAN желісі белсенді
жылдам қосылу орнында болсаңыз, бірнеше желі көрсетіледі.

3.

Желіні тізімнен таңдап, оны тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Свойства (Сипаттар)
параметрін таңдаңыз.

ЕСКЕРІМ:

Егер керекті желі тізімде болмаса, жол жоспарлағыш немесе кіру нүктесі

жұмыс жасап тұрғандығын тексеру үшін желі əкімшісіне хабарласыңыз.

76

Бап 13 Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету

background image

4.

Безопасность (Қауіпсіздік) қойындысын ашып, Ключ безопасности сети (Желілік
қауіпсіздік кілті) жолағына сымсыз байланыстың дұрыс шифрлау мəліметтерін енгізіңіз.

5.

Осы параметрлерді сақтау үшін, OK түймешігін басыңыз.