Желі күйінің белгішесі көрсетілмейді
Бағдарламалық құралдың драйвері жоқ немесе зақымдалған жағдайда, WLAN жүйесінің
параметрлері реттелгеннен кейін желі күйінің белгішесі көрсетілмейді. Windows жүйесінің
«Device not Found» (Құрылғы табылмады) деген қате туралы хабары көрсетілуі де мүмкін.
Драйверді қайта орнату қажет.
http://www.hp.com
мекенжайы бойынша HP веб-торабынан компьютер үшін WLAN құрылғысы
бағдарламалық құралының жəне драйверлерінің ең соңғы нұсқасын алыңыз. Егер
қолданыстағы WLAN құрылғысы бөлек сатып алынған болса, соңғы бағдарламалық құралды
алу үшін өндіруші веб-торабын қараңыз.
Компьютердегі WLAN құрылғысы бағдарламалық құралының соңғы нұсқасын алу үшін, келесі
қадамдарды орындаңыз:
1.
Веб-шолғышты ашыңыз да,
http://www.hp.com/support
мекенжайына өтіңіз.
2.
Еліңізді/аймағыңызды таңдаңыз.
3.
Бағдарламалық құралды жəне драйверді жүктеп алу параметрін таңдап, іздеу жолағына
компьютер үлгісінің нөмірін теріңіз.
4.
enter
пернесін басыңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ақаулықтарды жою
77
ЕСКЕРІМ:
Егер қолданыстағы WLAN құрылғысы бөлек сатып алынған болса, соңғы
бағдарламалық құралды алу үшін өндіруші веб-торабын қараңыз.