Қажет желіге қосылу мүмкін емес
Қауіпсіздендірілген WLAN желісі болса, қажетті желіге қосылу мүмкін болмайды.
Қауіпсіздендірілген WLAN желісі қосылу үшін қауіпсіздік кодын білуіңіз керек. Қосымша ақпарат
алу үшін,келесі бөлімді қараңыз.
Ақаулықтарды жою
75
Қауіпсіздік кодын енгізу мəселені шешпесе, WLAN байланысы зақымданған болуы мүмкін. Көп
жағдайларда, Windows жүйесі ақаулық орын алған WLAN байланысын автоматты түрде
түзетеді.
●
Тапсырмалар тақтасының оң жағы шетіндегі хабарландыру аймағында желі белгішесі бар
болса, белгішені тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Troubleshoot problems
(Ақаулықтарды жою) пəрменін таңдаңыз.
Windows жүйесі желілік құрылғыны қалпына келтіріп, таңдалған желілердің біреуіне
қайтадан қосылуға тырысады.
●
Хабарландыру аймағында желі белгішесі болмаса, келесі қадамдарды орындаңыз:
1.
Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі
жəне Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желі жəне ортақ
пайдалануды басқару орталығы) тармағын таңдаңыз.
2.
Troubleshoot problems (Ақаулықтарды жою) пəрменін, одан кейін жөнделетін желіні
таңдаңыз.