HP Officejet Pro 8100 - Ақпаратты басқару және бөлісу

background image

Ақпаратты басқару жəне бөлісу

Диск жетектері — ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне қол жеткізуге мүмкіндік беретін
сандық сақтау құрылғылары немесе қатты күйдегі дискілер, оптикалық дискілер жəне т.б.
Компьютердің ішінде компьютер бағдарламалық құралы, амалдық жүйесі сақталатын жəне
жеке файлдарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін қатты диск бар. Кейбір компьютерлерде
дыбыс жəне бейне файлдарын ықшам дискіде немесе DVD дискіде оқуға не жазуға мүмкіндік
беретін ішкі оптикалық диск болады.

Қосымша сыйымдылық не функциялар орындау мақсатында тікелей телефоннан не камерадан
ақпаратты импорттау үшін, оптикалық немесе қатты диск сияқты сыртқы диск жетегін (бөлек
сатылады) жалғаңыз немесе сандық жад картасын салыңыз. Компьютердің USB портына
жалғанған USB флэш жетегі да деректерді жылдам тасымалдауға мүмкіндік береді. Кейбір
құрылғылар жұмыс істеу үшін компьютердің қуатын пайдаланады. Ал кейбіреулерінің жеке қуат
көздері болады. Кейбір құрылғылардың орнатылатын бағдарламалық құралдары болады.

ЕСКЕРІМ:

Сыртқы сымсыз құрылғыларды қосу туралы ақпаратты

Желіге қосылу 16-бетте

бөлімінен қараңыз.

ЕСКЕРІМ:

Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе

компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.