Оптикалық диск жетектерін пайдалану
Көлемі үлкен деректерді оқу немесе сақтау үшін, оптикалық диск жетегі лазер шамын
пайдаланады. Кейбір жетектер арқылы тек ақпаратты оқу мүмкін болады, ал кейбіреулерінде
бос дискіге ақпаратты жазуға да болады.
Оптикалық диск жетегінің жұмысын жақсарту үшін, келесі кеңестерді пайдаланыңыз.
●
Батарея жалғыз қуат көзі болса, тасушыға жазбас бұрын зарядтың жеткілікті екенін
тексеріңіз.
●
Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз
немесе компьютерді жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады.
●
Диск бағдарламалық құралының соңғы жаңартулары орнатылған болуы керек.
●
Пайдаланылатын диск таза болмаса, оны құрғақ, талшықсыз, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Компьютерде келесі диск технологияларының біреуіне немесе бірнешеуіне қолдау көрсететін
оптикалық диск жетегі бар болуы мүмкін:
●
Ықшам диск: ықшам дискіде оптикалық диск жетегінің лазерімен оқылатын деректер
сақталады. Келесі ықшам диск пішімдерін пайдалануға болады:
◦
компьютерге ықшам дискінен ақпаратты оқуға жəне ішіне бір рет жазуға мүмкіндік
беретін жазуға болатын ықшам диск (CD-R). Ақпаратты CD-R дискіне жазғаннан кейін
өзгерту мүмкін болмайды. Ол бір жолға жазылады.
◦
ықшам дискідегі ақпаратты оқуға жəне ішіне қалағаныңызша көп рет жазуға мүмкіндік
беретін қайта жазылатын ықшам диск (CD-RW). Бұл ықшам дискідегі ақпаратты
өшіруге болады.
●
DVD: сыйымдылығы жоғары оптикалық диск болып табылатын сандық бейне дискісі. Оған
ықшам дискімен салыстырғанда көбірек ақпарат сақтауға болады. Екі жақты DVD дискісіне
ең көбі 17 ГБ ақпарат сақтауға болады. Келесі DVD дискісінің пішімдерін пайдалануға
болады:
◦
компьютерге ақпаратты оқуға жəне ішіне бір рет жазуға мүмкіндік беретін жазылатын
DVD дискісі (DVD-R немесе DVD+R). Ақпаратты дискіге жазғаннан кейін өзгерту
немесе жою мүмкін болмайды. Ол бір жолға жазылады. DVD дискілерін DVD±R
жетектеріне салып пайдалануға болады.
◦
дискідегі ақпаратты оқуға жəне ішіне қалағаныңызша көп рет жазуға мүмкіндік беретін
қайта жазылатын DVD дискісі (DVD-RW немесе DVD+RW). Бұл ықшам дискідегі
ақпаратты өшіруге болады. DVD дискілерін DVD±R жетектеріне салып пайдалануға
болады.