Оптикалық дискіні салу
1.
Компьютерді қосыңыз.
2.
Диск салғышты шығарып алу үшін, диск салғыш беткі тақтасындағы шығарып алу
түймешігін (1) басыңыз.
3.
Диск салғышты (2) ашыңыз.
4.
Дискінің тегіс беттерін ұстамау үшін, оның жиектерінен ұстап, диск белгісі жоғары
қарайтындай диск салғыш білігіне орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Диск салғыш толығымен қолданыста болмаса, дискіні біліктің үстіне абайлап
орналастырыңыз.
Оптикалық диск жетектерін пайдалану
43
5.
Диск (3) орнына түскенше оны диск салғыштың білігінде төмен жайлап басыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Диск салғышты толық ашу мүмкін болмаса, шығару кезінде дискіні абайлап
еңкейтіңіз.
6.
Диск салғышты жабыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Диск салғаннан кейін диск жетегінің қысқаша тоқталуы қалыпты құбылыс. Егер
медиа ойнатқышы таңдалмаған болса, AutoPlay терезесі ашылады. Ол сізге медиа мазмұнын
қалай пайдаланатыныңызды таңдауды ұсынады.