HP Officejet Pro 8100 - Сымсыз желіге қосылу

background image

Сымсыз желіге қосылу

Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:

Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы—Компьютерлерді корпоративті офистер, үй
жəне əуежайлар, мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер жəне университеттер сияқты
қоғамдық орындарда (əдетте, Wi-Fi желілері, сымсыз LAN немесе WLAN деп аталатын)
сымсыз жергілікті желілерге қосады. WLAN желісінде компьютеріңіздегі мобильді сымсыз
құрылғы сымсыз жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.

Bluetooth құрылғысы компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар, үндеткіштер
жəне камералар сияқты Bluetooth қызметі қосылған басқа құрылғыларға қосылу үшін жеке
аймақ желісін (PAN) жасайды. PAN желісіндегі əр құрылғы басқа құрылғылармен тікелей
байланысады жəне бұл құрылғылар бір-біріне біршама жақын, əдетте бір-бірінен 10 метр
(шамамен 33 фут) қашықтықта болуы тиіс.

Сымсыз технология жөнінде қосымша мəлімет алу үшін, «Анықтама жəне қолдау» бөліміндегі
ақпаратты жəне веб-торап сілтемелерін қараңыз.