HP Officejet Pro 8100 - WLAN желісіне қосылу

background image

WLAN желісіне қосылу

WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:

1.

WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз
байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс
түймешігін басыңыз.

ЕСКЕРІМ:

Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз

байланыс шамы сары түспен жанып тұрады.

2.

Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесін
басыңыз.

3.

Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз.

4.

Connect (Қосылу) пəрменін таңдаңыз.

Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK түймешігін басыңыз.

ЕСКЕРІМ:

Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе

кіру нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.

ЕСКЕРІМ:

Жалғанатын желі көрсетілмесе, Открыть центр управления сетями и

общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пəрменін
таңдап, Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату)
түймешігін басыңыз. Желіні қолмен іздеу жəне оған қосылу немесе жаңа желі байланысын
орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі ашылады.

Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуір меңзерін
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесіне
қойыңыз.

ЕСКЕРІМ:

Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол

жоспарлағышын өндірушіге жəне басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге
немесе қабырғалар жəне едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.