HP Officejet Pro 8100 - WLAN жүйесін қорғау

background image

WLAN жүйесін қорғау

WLAN құрылғысын орнатқан немесе бар WLAN желісіне кірген кезде, əрқашан рұқсатсыз
кіруден желіні қорғау үшін қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе
кофеханалар жəне əуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз
етпейді. Байланыс орнында компьютердің қауіпсіздігі туралы сенімді болмасаңыз, құпия емес
электрондық пошта хабарын жіберу жəне негізгі Интернетте іздеу сияқты желі əрекеттерімен
шектеліңіз.

Сымсыз радио сигналдары желінің сыртында да таралғандықтан басқа WLAN құрылғылары
қорғалмаған сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN желісін қорғау үшін, келесі сақтық
шараларын қолданыңыз:

Желіаралық қалқанды пайдаланыңыз.

Желіаралық қалқан желіге жіберілген деректерді де, деректер сұраныстарын да тексереді
жəне кез келген күмəнді элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар бағдарламалық
құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады.

Сымсыз шифрлауды қолданыңыз.

Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу
үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін «Анықтама жəне
қолдау» тармағын қараңыз.

18

Бап 3 Желіге қосылу