Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады.
Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан,
қатты диск файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын
баяулатады. Амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін, Disk Defragmenter (Диск
дефрагментаторы) құралы қатты дискідегі фрагменттелген файлдар мен қалталарды қайта
біріктіреді (немесе физикалық түрде қайта орналастырады).
ЕСКЕРІМ:
Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады.
Дегенмен, қатты дискінің өлшеміне жəне фрагменттелген файлдар санына байланысты, Disk
Defragmenter құралының жұмысы аяқталуы үшін бір сағаттан көп уақыт кетуі мүмкін.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1.
Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2.
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Аксессуары (Керек-
жарақтар) > Служебные (Жүйелік құралдар) > Дефрагментация дисков (Дискіні
дефрагментациялау) тармақтарын таңдаңыз.
3.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.