HP Officejet Pro 8100 - Жад модулін қосу немесе ауыстыру

background image

Жад модулін қосу немесе ауыстыру

Жад қосу арқылы компьютер жұмысының тиімділігін арттыруға болады. Компьютерді
физикалық жұмыс аймағымен салыстыруға болады. Қатты диск жұмыс құжаттары жиналатын
файлдарды жинау кеңсесі, ал жад жұмыс істейтін үстеліңіз деуге болады. Тым көп зат қойылған
үстел сияқты жадта барлық жұмысыңызды оңай орындау үшін қажетті орын жеткіліксіз болса,
өнімділігіңіз төмендейді. Өнімділікті арттырудың тамаша шешімі — бұл компьютердегі жадтың
көлемін ұлғайту.

Компьютерде екі жад модулінің ұясы бар. Жад модулі ұялары компьютер түбінде қызмет
көрсету қақпағының астында орналасқан. Компьютердің жад сыйымдылығын жад модулін қосу
немесе жад модулі ұяларының біреуінде бар жад модулін ауыстыру арқылы жаңартуға болады.

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын

ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.

ЕСКЕРТУ:

Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.

Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.

ЕСКЕРІМ:

Екінші жад модулімен қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад

модулінің бірдей екенін тексеріңіз.

Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін

ЕСКЕРТУ:

Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін

Жад модульдері қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосылып тұрғанда, ұйқы немесе күту режимінде болғанда, жад модулін
ажыратпаңыз.

Компьютердің өшірулі немесе күту күйінде екені белгісіз болса, қуат түймешігін басып
компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.

1.

Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.

2.

Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.

3.

Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.

4.

Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз.

5.

Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.

6.

Қызмет көрсету есігін шешіңіз.

7.

Жад модулін ауыстыратын болсаңыз, бар жад модулін ажыратыңыз:

а.

Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз (1).

Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.

50

Бап 8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету

background image

ə.

Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз.

ЕСКЕРТУ:

Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана

ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.

Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін
контейнерге салыңыз.

8.

Жаңа жад модулін енгізу үшін

ЕСКЕРТУ:

Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз.

Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз.

а.

Жад модулінің ойықтары бар шетін жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз (1).

ə.

Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрыштағы жад модулімен модульді (2) жад
модулінің ұясына орныққанша басыңыз.

б.

Жад модулінің (3) сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін
төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.

ЕСКЕРТУ:

Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз.

Компьютер жұмысын жақсарту

51

background image

9.

Жад модулінің қызмет көрсетуге арналған есігін орнына салу.

10.

Батареяны орнына салыңыз.

11.

Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз.

12.

Компьютерді қосыңыз.