HP Officejet Pro 8100 - Қатты дискіні ауыстыру

background image

бөлімінен қараңыз.

ЕСКЕРТУ:

Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін

Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз. Компьютердің өшірулі,
ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанын білмеген жағдайда, компьютерді қосып, амалдық
жүйе арқылы өшіріңіз.

1.

Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.

2.

Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.

3.

Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.

4.

Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз.

5.

Батареяны алып тастаңыз.

Қатты дискіні шығарып алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз.

1.

Қызмет көрсетуге арналған есікті алу.

Компьютер жұмысын жақсарту

47

background image

2.

Қатты диск қақпағының бұрандасын (1) босатып, қақпақты (2) жоғары көтеріңіз де, оны
шығарып алыңыз (3).

3.

Дискіні орнында ұстайтын 4 бұранданы (1) шығарып алыңыз.

4.

Қатты дискіге қол жеткізу үшін, қатты дискіні орнында ұстайтын қатты диск қапсырмасын
(2) алыңыз. Қатты диск кабелін (3) компьютерден ажыратыңыз. Қатты дискіні қатты диск
ұясынан жоғары қарай көтеріңіз.

48

Бап 8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету

background image

5.

Қатты диск кабелін (1) қатты дискіден ажыратыңыз.

Қапсырмаларды қатты дискіден (2) алыңыз. Қатты диск кабелін (3) қатты дискіден
ажыратыңыз.

Қатты дискіні орнату үшін, осы процедураны керісінше орындаңыз.