HP Officejet Pro 8100 - Қауіпсіздік бағдарламалық құралын табу

background image

Қауіпсіздік бағдарламалық құралын табу

HP Security Assistant (НР қауіпсіздік реттеушісі) қауіпсіздік бағдарламалық құралдарының
жинағына жылдам кіруге арналған орталық орнын қамтамасыз етеді. Бұл қолданбалар
тапсырмаға сəйкес ұйымдастырылады. «Пуск» (Бастау) мəзірінің «Панель управления»
(Басқару тақтасы) пəрмені арқылы əр қолданбаны іздеудің орнына HP Security Assistant (НР
қауіпсіздік реттеушісі) бағдарламасы төмендегідей қауіпсіздік тапсырмаларын орындау үшін
қолданбаларды пайдалануға мүмкіндік береді:

Интернет жəне вирусқа қарсы қауіпсіздігінің параметрлерін орнату.

Файлдардың сақтық көшірмелерін жасау жəне қалпына келтіру.

Құпия сөздер, пайдаланушы есептік жазбалары мен ата-аналық бақылау элементтерін
басқару.

Компьютерге күтім көрсету жəне НР мен Windows жаңартуларының ең соңғы нұсқаларын
орнату.

HP Security Assistant (НР қауіпсіздік реттеушісі) бағдарламасын ашу үшін Пуск (Бастау) > Все
программы
(Барлық бағдарламалар) > Безопасность и защита (Қауіпсіздік жəне қорғау) > HP
Security Assistant
(НР қауіпсіздік реттеушісі) тармағын таңдаңыз.

Қауіпсіздік бағдарламалық құралын табу

55