HP Officejet Pro 8100 - Құпия сөздерді пайдалану

background image

Құпия сөздерді пайдалану

Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау жəне қауіпсіз түрде онлайн əрекеттер орындау үшін
таңдалатын таңбалардың тобы. Бірнеше құпия сөз түрін орнатуға болады. Мысалы,
компьютерді бірінші рет орнатқанда, оны қорғауға пайдаланушы құпия сөзін орнату сұралады.
Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған НР Setup Utility
(BIOS) утилитасында орнатылады.

Setup Utility (BIOS) мүмкіндігінде де, Windows қауіпсіздік мүмкіндігінде де бір құпия сөзді
пайдалануға болады.

Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз:

Компьютерге кіруді құлыптау қатерін азайту үшін əр құпия сөзді жазып алып,
компьютерден басқа қауіпсіз жерде сақтаңыз. Құпия сөздерді компьютердегі файлда
сақтамаңыз.

Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.

Құпия сөздерді кем дегенде үш ай сайын өзгерткен жөн.

Күшті құпия сөз ұзын болады əрі оған əріптер, тыныс белгілері, таңбалар жəне сандар
кіреді.

Компьютерді қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпиялы файлдарды жəне
құпия сөз параметрлерін жойыңыз.

Экранды қорғағыш сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, Пуск
(Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармақтарын таңдаңыз.