HP Officejet Pro 8100 - Әрекет пернелерін пайдалану

background image

Əрекет пернелерін пайдалану

Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз.

f1

мен

f12

аралығындағы

пернелердегі белгішелер сол пернеге тағайындалған функцияны білдіреді.

Əрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.

Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында
ажыратуға болады. Setup Utility (BIOS) тармағын ашуға қатысты нұсқаулар алу үшін,

Setup

Utility (BIOS) жəне System Diagnostics 61-бетте

бөлімін көріп, экранның төменгі жағындағы

нұсқауларды орындаңыз.

Əрекет пернесі мүмкіндігін ажыратқаннан кейін тағайындалған функцияны іске қосу үшін, тиісті
əрекет пернесімен бірге

fn

пернесін басыңыз.

Пернетақтаны пайдалану

27

background image

ЕСКЕРТУ:

Компьютерді реттеудің қызметтік бағдарламасына өзгертулер енгізгенде, аса

мұқият болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.

Белгіше

Перне

Сипаттама

f1

Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен
компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау
орталығын ашады.

Сонымен қатар, анықтама жəне қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты жою
құралдарын жəне тұтынушыларға қолдау көрсету қызметін ұсынады.

f2

Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.

f3

Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша
жоғарылатылады.

f4

Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді.
Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан
кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып,
компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.

Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы
VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды. Бұл əрекет пернесі компьютерден
бейне ақпаратын қабылдайтын басқа да құрылғылар арасында кескіндерді
ауыстырып көрсетеді.

f5

Веб-шолғышты ашады.

f6

Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі
алдыңғы бөлімді ойнатады.

f7

Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе
ойнатуды жалғастырады.

f8

Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі
бөлімді ойнатады.

f9

Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
төмендетеді.

f10

Бұл пернені басып ұстап тұрғанда үндеткіштің дыбыс деңгейін қадам бойынша
жоғарылатады.

f11

Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.

f12

Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады.

ЕСКЕРІМ:

Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.

28

Бап 5 Пернетақтаны жəне меңзегіш құрылғыларды пайдалану