Алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтару
Кейде, бағдарламалық құрал орнатылғанда компьютер немесе Windows жүйесі өзгеше жұмыс
істеуі мүмкін. Əдетте бұл мəселені бағдарламаны жою арқылы шешуге болады. Егер
бағдарламаны жою мəселені шешпесе, компьютерді алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне
(ертерек уақытта жəне күнде жасалған) қайтаруға болады.
Компьютер оңтайлы жұмыс істеп тұрғандағы жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтару үшін,
мына əрекеттерді орындаңыз:
1.
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Сол жақ тақтада Защита системы (Жүйені қорғау) тармағын таңдаңыз.
3.
Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз.
4.
System Restore (Жүйені қалпына келтіру) параметрін таңдап, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.