HP қалпына келтіру бөлімін пайдалану арқылы қалпына келтіру
HP қалпына келтіру бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) қалпына келтіру дискілерін немесе
қалпына келтіру флэш-жадын пайдаланбастан жүйені бастапқы қалпына келтіруге мүмкіндік
береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін
болады.
Қалпына келтіру бөлімінің бар екенін тексеру үшін Пуск (Бастау) түймешігін басып, Компьютер
тармағын тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, содан кейін > Управление (Басқару) >
Управление дисками (Дискілерді басқару) тармағын таңдаңыз. Егер қалпына келтіру бөлімі
бар болса, қалпына келтіру дискісі терезедегі тізімде көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ:
Егер қалпына келтіру бөлімі компьютермен бірге жеткізілмесе, қалпына келтіру
дискілері қамтылады.
1.
HP Recovery Manager бағдарламасын төмендегі жолдармен іске қосыңыз:
●
Пуск (Бастау) тармағын таңдаңыз да, іздеу жолағына қалпына келтіру деп
жазыңыз. Тізімнің ішінен Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
– немесе –
●
Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда,
esc
пернесін басыңыз. Содан соң, «F11 (System
Recovery)» (F11 (Жүйені қалпына келтіруі)) хабары экранда көрсетілгенде
f11
пернесін басыңыз.
2.
HP Recovery Manager терезесінде System Recovery (Жүйені қалпына келтіру) параметрін
таңдаңыз.
3.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
70
Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру