Мынаны білгеніңіз жөн
●
Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
●
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді тексеріп, қанша бос DVD
дискілері қажет болатынын анықтайды.
DVD-R, DVD+R, DVD-R DL, DVD+R DL дискілерін немесе флэш-жадын пайдаланыңыз. CD
±RW, DVD±RW сияқты қайта жазуға болатын дискілерді, қос қабатты DVD±RW дискілерін
жəне BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray) дискілерін пайдаланбаңыз. Олар HP Recovery
Manager бағдарламалық құралымен үйлеспейді.
●
Егер компьютерде кірістірілген оптикалық диск жетегі болмаса, қалпына келтіру дискілерін
жасау үшін қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады) пайдалануға
немесе компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін HP веб-торабынан сатып алуға
болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі пайдаланылса, ол USB концентраторы сияқты
сыртқы құрылғыдағы USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
●
Қалпына келтіру дискілерін жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
●
Дискілерді жасау процесі бір сағат немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін. Дискілерді
жасау процесін тоқтатпаңыз.
64
Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру
●
Қалпына келтіру дискілерін компьютерден бөлек, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
●
Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін бағдарламадан
шығуға болады. HP Recovery Manager бағдарламалық құралын келесі ашқанда, сақтық
көшірме жасау процесін жалғастыру ұсынылатын болады.