HP Officejet Pro 8100 - Мынаны білгеніңіз жөн

background image

Мынаны білгеніңіз жөн

Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты дискіге, флэш-жадына немесе
желілік дискіге не дискілерге жасауға болады.

Сақтық көшірме жасау кезінде компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.

Сақтық көшірме жасау процесін аяқтауға қажет уақыт беріңіз. Файлдардың өлшемдеріне
байланысты оған бір сағаттан аса уақыт кету мүмкін.

Сақтық көшірме жасауды бастамай тұрып, көшірме жасалатын құрылғыдағы бос орын
көлемін тексеріңіз.

Сақтық көшірмелерді келесі жағдайларда жасау керек:

бағдарламалық құралды немесе жабдықты қоспас немесе өзгертпес бұрын;

компьютерді жөндеу немесе қалпына келтірдің алдында;

жеке ақпараттың соңғы көшірмесі болуы үшін, жоспар бойынша жүйелі түрде;

көп файлдар қосқаннан кейін, мысалы туылған күн кешіндегі бейнелерді сақтаған
болсаңыз;

зиянды бағдарламаны жою үшін вирусқа қарсы бағдарламалық құралды
пайдаланудың алдында;

суреттер, бейнелер, музыка, жоба файлдары немесе деректер жазбалары сияқты
қалпына келтіру қиын болатын ақпаратты қосқаннан кейін;

Сақтық көшірмелер жасау

67