Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен
сақтық көшірме жасау
Windows жүйесі Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен
сақтық көшірме жасауға мүмкіндік береді. Жеке қалталардан дискілерге дейін сақтық көшірме
жасау деңгейін таңдауға болады. Орынды үнемдеу мақсатында сақтық көшірмелер қысылады.
Сақтық көшірмелер жасау үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1.
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Система и безопасность
(Жүйе жəне қауіпсіздік) > Резервное копирование и восстановление (Сақтық көшірме
жасау жəне қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
2.
Сақтық көшірме жасалуын жоспарлау жəне жүзеге асыру үшін, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған пайдаланушы
жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат
немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты «Анықтама жəне қолдау» бөлімінен
қараңыз.
Бастапқы қалпына келтіру жасау үшін,
Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
мүмкіндігінің көмегімен арнайы файлдарды қалпына келтіру 69-бетте
бөлімін қараңыз.