HP Officejet Pro 8100 - Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау

background image

Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау

Жүйені қалпына келтіру нүктесі — Windows System Restore утилитасымен белгілі бір сəтте
сақталған қатты диск мазмұнының суреті. Жүйені қалпына келтіру нүктесі Windows жүйесі
пайдаланатын тіркеу параметрлері сияқты ақпаратты қамтиды. Алдыңғы қалпына келтіру
нүктесіне қайтару қалпына келтіру нүктесі жасалғаннан кейінгі жүйеге жасалған өзгертулерді
қайтаруға мүмкіндік береді.

Бұрынғы қалпына келтіру нүктелеріне қайтару бастапқы қалпына келтіру нүктесі соңғы рет
жасалғаннан бері сақталған деректер файлдарына немесе жасалған электрондық пошта
хабарларына əсер етпейді, бірақ орнатылған бағдарламалық құралға əсер етеді.

Мысалы, сандық фотокамерадан суретті жүктеп, компьютерді кешегі болған күйге қайтарғанда,
сурет компьютерде қалады.

Дегенмен, суретті көруге арналған бағдарламалық құралды орнатып, содан кейін компьютерді
кешегі күйге қайтарсаңыз, бағдарламалық құрал жойылып, оны пайдалану мүмкін болмайды.