HP Officejet Pro 8100 - Электростатикалық разряд

background image

14 Электростатикалық разряд

Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының
соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу.

Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр
қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін. Компьютерге, диск жетегіне
зақым келтіру қаупін немесе ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін, келесі сақтық шараларын
қолданыңыз:

Егер жою немесе орнату нұсқауларында компьютерді қуат көзінен ажырату ұсынылса,
жерге дұрыс қосылғаннан кейін жəне қақпақты алмас бұрын құрылғыны қуат көзінен
ажыратыңыз.

Бөліктерді орнатуға дайын болғанша, оларды электростатикалық разряд өтпейтін
контейнерлерде сақтаңыз.

Істікшелер, контактілер жəне қосылатын ұштарға тимеңіз. Электрондық бөліктерді қолмен
мүмкіндігінше аз уақыт ұстаңыз.

Магниттенбейтін құралдарды пайдаланыңыз.

Құрамдас бөліктерін ұстамай тұрып, оның боялмаған метал бетiне саусағыңызды тигізу
арқылы статикалық электр зарядын шығарыңыз.

Бөлікті алған кезде оны электростатикалық заряд өтпейтін контейнерде сақтаңыз.

Егер статикалық электр қуаты туралы қосымша ақпарат немесе бөліктерді алып тастау не
орнату кезінде көмек қажет болса, тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен хабарласыңыз.

81