Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Компьютерге зарядталған батарея салынғанда жəне компьютер сыртқы қуат көзіне қосылмаған
кезде, компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, қуатты үнемдеу мақсатында дисплей
жарықтығы төмендетіледі. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда
компьютердегі батарея жайлап таусылады.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.