Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу
Айнымалы ток көзіне қосу туралы қосымша ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату
нұсқаулары кітапшасынан қараңыз.
Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу
37
Мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/кеңейту құрылғысы арқылы
сырттағы қуат көзіне жалғанған компьютер батарея қуатымен жұмыс істемейді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін,
компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін
ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток
адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы қуат көзіне қосыңыз:
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Ұшақта компьютер батареясын зарядтамаңыз.
●
Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде.
●
Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
●
Ақпаратты дискіге жазғанда (тек таңдаулы үлгілерде).
●
Ішкі қатты дискілері бар компьютерлерде Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы)
бағдарламасы іске қосылғанда.
●
Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
Компьютер сыртқы қуат көзіне жалғанған кезде:
●
Батарея зарядтала бастайды.
●
Дисплей жарықтығы жоғарылайды.
●
Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратқанда, төмендегі жағдайлар орын алады:
●
Компьютер батарея қуатына көшеді.
●
Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде
азаяды.
●
Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.