Қуат жоспарын таңдау
Қуат жоспары компьютердің қуатты үнемдеу жолын басқарады, сондай-ақ қуат үнемдеуге жəне
компьютер жұмысын арттыруға көмектеседі.
Мына қуат жоспарлары бар:
●
НР компаниясы ұсынатын. Өнімділікті арттыру мен қуатты үнемдеу мүмкіндіктерін
автоматты түрде теңестіреді.
●
Қуат үнемдегіші. Жүйе өнімділігі мен экран жарықтығын азайту арқылы қуатты үнемдейді.
●
Өнімділігі жоғары. Өнімділікті қамтамасыз етеді, бірақ энергияны жоғары мөлшерде
пайдалануы мүмкін.
Өзіңіздің қуат жоспарыңызды жасап, қажеттілігіңізге сай компьютерді пайдалану үшін оны
өзгертуге болады.
Қуат жоспарын таңдау немесе өзіңіздің жоспарыңызды жасау үшін HP Power Manager (тек
таңдаулы үлгілерде) немесе Windows жүйесінің басқару тақтасын пайдаланыңыз.
HP Power Manager бағдарламасын бастау үшін Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару
тақтасы) > Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) > HP Power Manager (HP қуат
реттегіші) тармағын таңдаңыз.
Басқару тақтасындағы қуат параметрлеріне кіру үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления
(Басқару тақтасы) > Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) > Параметры питания
(Қуат параметрлері) тармақтарын нұқып, тізімнен қуат жоспарын таңдаңыз.