Ұйқы немесе күту күйін қосу
Microsoft Windows жүйесінде қуатты үнемдеуге арналған ұйқы жəне күту күйлері бар.
Ұйқы күйінде экран өшіп, жұмысыңыз жадқа сақталады жəне күту күйіне қарағанда ұйқы күйінен
шығу жылдамырақ іске асады. Компьютер ұзақ мерзім үшін ұйқы күйінде болғанда немесе ұйқы
күйі кезінде батарея өте төмен деңгейге жеткенде, компьютер күту күйіне қосылады.
Күту күйі қосылғанда, жұмыс қатты дискідегі күту файлына сақталады жəне компьютер
өшіріледі.
ЕСКЕРТУ:
Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалуы қаупін азайту үшін, дискіден не
сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы немесе күту күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Компьютер ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез
келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.