HP Officejet Pro 8100 - Күту күйін қосу және одан шығу

background image

Күту күйін қосу жəне одан шығу

Жүйе зауытта батарея қуаты немесе сыртқы қуат көзіне қосылу арқылы жұмыс істеуіне
байланысты белгілі бір əрекетсіздік уақытынан кейін немесе батарея заряды өте төмен
деңгейге жеткенде күту күйіне өтетіндей етіп орнатылған.

Қуат параметрлері мен үзілістерін Windows жүйесінің басқару тақтасында өзгертуге болады.

Күту күйіне өту үшін, Пуск (Бастау) түймешігін, Shut down (Жұмысты аяқтау) түймешігінің
жанында орналасқан көрсеткіні басып, содан кейін Hibernate (Күту күйіне өту) түймешігін
басыңыз.

Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін аз уақыт басыңыз.

Қуат шамдары жанып, экранда жұмысыңыздың тоқтаған жері көрсетіледі.

ЕСКЕРІМ:

Егер күту режимінен қосылған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса,

жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.