System Diagnostics пайдалану
System Diagnostics (Жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының дұрыс істеп-істемейтінін
тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді.
System Diagnostics құралын бастау:
1.
Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары
көрсетіліп тұрғанда,
esc
пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген кезде,
f2
пернесін
басыңыз.
2.
Орындалатын диагностикалық сынақты таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Егер орындалып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса,
esc
пернесін
басыңыз.
System Diagnostics пайдалану
63
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы
күйіне қайтару жəне қалпына келтіру
Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін
амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар.
Сақтық көшірмелер жасау
1.
Компьютер параметрлерін орнатқаннан кейін бірден HP Recovery Manager бағдарламалық
құралын пайдаланып қалпына келтіру дискілерін жасаңыз.
2.
Аппараттық құрал жəне бағдарламалар қосқаннан кейін жүйені қалпына келтіру нүктелерін
жасаңыз.
3.
Фотосуреттер, бейне, музыка жəне басқа да жеке файлдары қосқаннан кейін жүйеңіздің
жəне жеке ақпаратыңыздың сақтық көшірмесін жасаңыз.
Бастапқы жүйені қалпына келтіру үшін, қалпына келтіру дискісін
жасау
Компьютеріңізді орнатқаннан кейін, HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдаланып
қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-жадын жасау керек. Қалпына келтіру
дискілері немесе қалпына келтіру флэш-жады қатты диск зақымданған жағдайда жүйені
қалпына келтіру үшін қажет болады. Жүйені қалпына келтіру амалы бастапқы амалдық жүйені
қайта орнатып, əдепкі бағдарламалардың параметрлерін реттейді.
Мынаны білгеніңіз жөн
●
Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру
құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
●
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді тексеріп, қанша бос DVD
дискілері қажет болатынын анықтайды.
DVD-R, DVD+R, DVD-R DL, DVD+R DL дискілерін немесе флэш-жадын пайдаланыңыз. CD
±RW, DVD±RW сияқты қайта жазуға болатын дискілерді, қос қабатты DVD±RW дискілерін
жəне BD-RE (қайта жазуға арналған Blu-ray) дискілерін пайдаланбаңыз. Олар HP Recovery
Manager бағдарламалық құралымен үйлеспейді.
●
Егер компьютерде кірістірілген оптикалық диск жетегі болмаса, қалпына келтіру дискілерін
жасау үшін қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады) пайдалануға
немесе компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін HP веб-торабынан сатып алуға
болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі пайдаланылса, ол USB концентраторы сияқты
сыртқы құрылғыдағы USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
●
Қалпына келтіру дискілерін жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
●
Дискілерді жасау процесі бір сағат немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін. Дискілерді
жасау процесін тоқтатпаңыз.
64